БІЗ ЖАЙЛЫ
Ақшатау ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесін 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді.
Кітапхана мәдениет үйінде орналасқан, жылу жүйесі қазандықпен жылиды, іші жылы, таза, кең қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Аумағы 86 ш/м. Байланыс қондырғысы, кітап сөрелері және т.б., бар.
Ақшатау ауылының халық саны 1157. Ақшатау ауылдық кітапханасының кітап қоры 16449 дана. Оның ішіде қазақшасы 8473.
Ақшатау ауылдық кітапханасына 31 дана мерзімдік басылымдар аламыз.
Оның ішінде оқырмандар сұранысына ие «Астана ақшамы», «Орталық Қазақстан», «Шет шұғыласы». Журналдардың атауы «Қазақстан әйелдері», «Айгөлек», «Қазақ әдебиеті» осы газет журналдарға сұраныс көп.
Кітапханадағы техникалық жабдықтарымыз телефон нүктесі интернет жүйесі «Мегалайн» арқылы 2012 жылы қосылған, кітапханада «РАБИС» бағдарламасы 2013 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс атқарады.